ТҮРКІСТАН: «САМАРА-ШЫМКЕНТ» АВТОЖОЛЫНДАҒЫ АҚАУЛАР ЖОЙЫЛЫП ЖАТЫР

Республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының Төрткүл және Спатаев елді мекеніндегі жол төсемесінде пайда болған ақауларды жою жұмыстары басталды.
Бүгінде 10 адам, 5 техника жұмыс істеуде. Жалпы ұзындығы 5 шақырым жол төсемісінде пайда болған ақаулар жойылады. «ҚазАвтоЖол» мекемесі ауа райы қарасып, күн жылы болып тұрса, 1 сәуірге дейін жол жөндеу жұмыстарын толық аяқтайды.
Естеріңізге сала кетейік, «Самара-Шымкент» республикалық автожолы еліміздегі ең ұзын жолдардың қатарына кіреді. Бұл автожол еліміздің бірнеше өңірінен өтеді. Автотрассаның жалпы ұзындығы – 2010 шақырым.