ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
Бүгін Сарыағаш ауданында қоршаған ортаның экологиялық тазалығын сақтау мақсатында сенбілік өтті. Осы орайда аудан әкімі Арман Абдуллаев аймақтағы көшелерде жүргізіліп жатқан тазалық шараларын бақылады. Аталмыш тазалық шарасына аудандағы әкімдік қызметкерлерінен бастап, аудан тұрғындары мен ерікті жастар қатысты.
Атқарылған жұмыстар барысында республикалық, облыстық маңызы бар автожолдар мен ішкі көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстар тазаланды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі