ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТАҒЫ «ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Облыс әкімі Д.Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, Сарыағаш ауданы, «Жібек жолы» кеден бекетінде Түркістан облысытық нергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастауымен «Тазалық – табалдырықтан басталады» атты сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке, 106 қызметкер атсалысып, 6 техника тартылды.
Сенбілік барысында кеден бекетінің аумағында 60 қылқан жапырақты ағаш көшеті отырғызылды. 1 шақырым жол бойы ретке келтіріліп, әктеліп, сырланды және каналдың іші, аумағы тазаланып, 3 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Сенбілікке кеден бекетіне жақын орналасқан кәсіпкерлік нысандары иелері мен тұрғындар да атсалысты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі