Түркістан: «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 1000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

«Таза Қазақстан» акция аясында Мақтаарал ауданында қоршаған ортаны абаттандыру, жалпы пайдалану орындарын ластау ережелерін бұзудың алдын алу бойынша іс-шараларды жүйелі түрде жүргізіп жатыр. Атап айтқанда полицейлер 1000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Оның ішінде белгiленбеген орындарда сауда жасау-103, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау-792, елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ жасыл екпелерді жою және бүлдіру- 205 және жол жабындысын ластау – 74 құқықбұзушылық.

Мақтаарал аудандық полиция қызметкерлері барша аудан тұрғындарын қоршаған ортаға немқұрайлы қарамауға шақырады.