ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІГІН ӨТКІЗДІ
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің қызметкерлерінің қатысуымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті.
Орталық қызметкерлері біркісідей жұмылып, Қазыбек би көшесінің қиылыстарын тазартып шықты. Қыздар сыпыру, тазалау секілді жұмыстармен айналысса, ерлер арықтарды қоқыстан тазартты.
«Сенбілік — тазалық кепілі. Осындай тазалық жұмыстарын жүргізу мекеме қызметкерлерінің назарынан тыс қалған емес. Апта сайын ұжым болып сенбілікке атсалысып келеміз», деді облыстық жастар орталығы басшысырың орынбасары Пердебек Есқұлов.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі