ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА АМАЛ МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

Жетісай ауданында Наурыз мерекесі ерекше ықыласпен басталды.
Көктемнің алғашқы күндерімен қатар келетін «Көрісу күні» де елге ортақ мереке. Бұл күнде көпшілік бір-бірімен кол алысып, төс қағыстырып, бір-біріне сыйлықтар тарту етіп, арқа-жарқа болады.
Жоғалып бара жатқан салт-дәстүрімізді қайта жаңғырту мақсатында тойлануы басталған мерекелі күнде Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов өңірдің мәдениеті мен спортының дамуына сүбелі үлес қосқан еңбек ардагерлерінің үйінде болып, мерекемен құттықтады. Алғыс хат табыстап, сый-сияпат жасады. Аудан әкімі Амал мерекесінде адамдардың бұрынғы өкпе-реніштерінің бәрі кешіріліп, араздық ұмытылатынын айтып, бұл татуласудың дәнекері, жаңа өмірдің бастауы болатынын жеткізді.