ТҮРКІСТАНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРІ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ АТСАЛЫСТЫ

Бүгін Түркістанда жалпықалалық сенбілік өтті. Тәртіп пен тазалықтың үлгісі болған шараға облыс орталығындағы мәдениет және өнер мекемелері де атсалысты.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өздеріне бекітілген аумақта 100-ге жуық мәдениет қызметкерлері тиісті жұмыстар атқарып, жоспар бойынша көше бойларын қоқыстан тазартты. Осылайша киелі қаланың тазалығына үлес қосты. Бұдан бөлек облысқа қарасты барлық мәдени ошақтың ұжымы да аталған бағдарламаға атсалысып жатыр. Арнайы кестеге сәйкес аудан, қаладағы мекемелер де айналаны қоқыстан тазартып, қолдау білдіруде.
Сенбілік мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін ояту, әрбір азамат облысымыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосу. Сондай-ақ экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі