ТҮРКІСТАНДА ЕРІКТІ ТҮРДЕ ЕКПЕ ЕГУ БАСТАЛДЫ
Облыс орталығына короновирусқа қарсы 800 дана гам-ковид-вак вакцинасы жеткізілді. Қазірде аталған вакцинаның 275 данасы салынған.
2021 жылдың 1 ақпанынан Қазақстан бойынша короновирусқа қарсы вакцинациялау басталып, қаламызға сол уақыттан бері барлығы 2050 вакцина жеткізілген болатын. Осы уақытқа дейін салынғаны — 1525 дана. Оның ішінде медицина қызметкерлері, мұғалімдер және де басқа да сала қызметкерлері бар.
Ерікті түрде вакцина салдыру үшін азаматтар қалалық емханада тіркелген болуы шарт. Сонымен қатар, жеке куәлікпен келуі тиіс. Вакцинаны Түркістан қаласы, Айналма тас жолы, №24 ғимарат, Пошанов б/н және 1мкр №6 а мекенжайларына барып, салдыра аласыздар. Вакцина салу тегін, жұмыс күндері ішінде 9:00-16:30 аралығында жұмыс жасайды.