ТҮРКІСТАНДА САПАЛЫ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Түркістан қаласының әкмшілік-іскерлік орталықтың көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында құрылыс жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр.
Қазіргі таңда 36-шы көшенің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған көше пайдалануға берілген соң, Б.Саттарханов көшесі мен әкімшілік-іскерлік орталығындағы 9-шы және 11-ші көшелердегі көлік кептелістерін азайтып, әкімшілік-іскерлік орталығы мен Түркістан әуежай жолын байланыстыратын болады.
Бүгінде аталған көшенің негізгі қабаттары төселіп, асфальт жабындысын салу жұмыстары басталды. Аталған көшенің құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуы, облыстық құрылыс басқармасының мамандарының қатаң бақылауға алынған.
Мердігер мекеме – «Bazis Construction» ЖШС, техникалық қадағалаушы мекеме – «Стройконсалтинг LTD» ЖШС, ал авторлық қадағалаушы мекеме – «Бақытжан Жоба» ЖШС.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі