ТҮРКІСТАНДА ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН АЙТЫС БАСТАЛДЫ

2021 жыл 16-17 маусым күндері Түркістан қаласындағы Конгресс-Холл»
көпсалалы кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы
мен Түркістан облысының құрылуына 3 жыл толуына орай Түркістан
облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен, «Nur Otan» партиясының қолдауымен «Түрленген, гүлденген Түркістан» атты республикалық ақындар айтысы өтеді.
Сөз сайысына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркістан
облысы әкімдігі қолдау көрсетіп отыр.
Екі күнге созылатын дүбірлі айтысқа республиканың барлық өңірінен
елімізге танымал от тілді, орақ ауызды айтыскер ақындар атап айтсақ,
Айбек Қалиев, Жансая Мусина, Мұхтар Ниязов, Асланбек Шұбатаев және
тағы да басқа сөз шеберлері қатысады деп күтілуде.
Айтыстың негізгі мақсаты – айтыс өнері арқылы еліміздің тәуелсіздік
жылдарындағы жетістіктерін, ұлттар мен ұлыстардың мызғымас татулығы
мен достығын, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, Түркі әлемінің
рухани астанасы атанған түрленген, гүлденген – Түркістанның жетістіктерін
кеңінен насихаттау. Сондай-ақ, ҚР Халық ақыны, «Парасат», «Достық»
ордендері мен Жамбыл атындағы сыйлықтың иегері Әселхан Қалыбекованың
айтыс әлеміндегі шоқтығы биік өнерін дәріптеу.
Ақындардың өнеріне елімізге белгілі айтыс ақтангерлері Әселхан
Қалыбекова, Бекарыс Шойбеков, Бауыржан Халиолла, Маржан Есжанова
сынды айтыскер ақындар қазылық етеді. Іс-шараны ақын, Қазақстанның
еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман жүргізеді. Айтыс жеңімпаздары
бағалы және арнайы сыйлықтармен марапатталады.