ТҮРКІСТАНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОАКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Елімізде өтіп жатқан республикалық «Таза Қазақстан» аясында жалғасын тапқан тазалық шарасы жалғасып жатыр. Бүгін Түркістан қаласында сенбілік өтіп, тұрғындар мен еріктілер белсене атсалысты.
Сенбілік барысында 1000-ға жуық адам көше бойларын тазартты. Жиналған қоқыс пен кесілген ағаштарды тасымалдауға коммуналдық мекемелердің қызметкерлері мен 20-дан астам техника жұмылдырылды. Қураған өскіндерді қырқуға 50 арнайы техника бөлінді. Жалпы 26 аумақты тазаланды.
Сенбілікке қатысқан қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков тазалық жұмыстарын аралап тексерді. Шаһар басшысы ұлттық жоба аясында бекітілген тапсырма-жоспардың орындалуын жеке қадағалайтынын айтып, сектор басшыларына көпқабатты үйлердің аулаларын күтіп-ұстауда әрі тазалық шараларын ұйымдастыруда Мүлік иелері бірлестігінің белсенділігін арттыру қажеттігін ескертті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі