ТҮРКІСТАНДА ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ ТОПТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Жиынды партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреева төрағалық етіп, жүргізіп отырды.

Кеңесте «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында құрылған жедел әрекет ету тобының өкілдері қатысты. Атап айтсақ, қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшылығы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылығы және «Nur Otan» партиясы ТОФ қызметкерлері. Сондай-ақ аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, «Жедел әрекет ету топтарының» жетекшілері де «ZOOM» платформасы арқылы кеңеске онлайн режимде қосылды.

Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Олар:
«Жедел әрекет ету топтарының» мақсаты мен міндетін түсіндіру;
Балалардың интернат мекемелерінде тұруы мен оқу жағдайлары туралы анықталған проблемаларын және әрбір интернат бойынша мәслелерді шешу жолдарын талқылау;

Бірінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Біләлов Бекзат баяндама жасады.
Ал екінші мәселе бойынша облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Садықова Ардақ, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Есимова Мадинаның баяндамасы тыңдалды.

Жиын соңында облыстық, аудандық және қалалық «Жедел әрекет ету топтарының» жетекшілеріне, аудан, қала әкімі орынбасарларына тиісті тапсырмалар берілді. Кеңес мүшелерінің ұсыныстары назарға алынды. Өңірлік кеңестің шешімінің орындалуы облыстық филиал жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Өңірлік кеңестің бақылауында болады.