ТҮРКІСТАНДЫҚ ӘЖЕЛЕР ДЕ ЭКОАКЦИЯҒА ӨЗ ҮЛЕСТЕРІН ҚОСТЫ
Республикалық экоакцияның «Жасыл аймақ» апталығында түркістандық әжелер де өз үлестерін қосты. Облыс орталығында орналасқан жаңа ботаникалық бақта қалалық Әжелер алқасының мүшелері тропикалық өсімдіктер мен гүлдерді отырғызды. Мамандар егілген гүлдердің ең кемі 200 жыл жайқалып тұратындығын жеткізді. Акцияға қатысқан Әжелер алқасының мүшесі Рыс Ташметованың сөзінше, 6 сәуірде басталған акцияға түркістандықтар белсенді түрде қатысып келеді. Сонымен қатар, шара барысында барша түркістандықтарды экоакцияға белсенді түрде қатысуға шақырды. Одан бөлек, қалада көшеттер отырғызылып, ағаштардың түптері әктелуде. Айта кетсек, өткен жылы қала аумағында көктем мезгілінде эустома, тәжігүл, шафран, шалфей, циннея, гейхера, гортензия, раушан, микс сынды жалпы 34 036 дана гүл егілген. Ал күз мезгілінде раушан гүл, хризантема, гортензия, қызғалдақ сынды жалпы саны 94 000 дана гүл егілген болатын.