ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛУАНДАР ЖАЛПЫКОМАНДАЛЫҚ БІРІНШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ
Атырау қаласында белбеу күресінен жасөспірімдер арасында кезекті Қазақстан чемпионаты аяқталды. Тек мықтылар жиналған бұл додада Түркістан облысының командасы толайым табысқа жетті. Оңтүстік өрендері 9 алтын, 4 күміс жəне 7 қола медальді иеленіп, командалық есепте бас жүлдені қанжығаларына байлап қайтты.
Жеңімпаздарға тоқталсақ, 45 келіде Ерасыл Рахымжан мен 63 келі салмақта сынға түскен Заңғар Улибек, 71 келі салмақта белдескен Темірхан Дəуірсейтхан чемпион болды. Бұдан өзге 95 келідегі Алмас Темірбай да алтын алқаны иеленді. Қыздар арасында Венера Тұрсынбек 45 келіде қарсылас шах келтірмесе, 57 келіде Арайлым Нархатқызы мен 69 келіде белдескен Ақбота Қыдырəлі қарсылас шақ келтірмеді. 70 келі салмақ дəрежесіндегі Аққу Дəуренбек пен +70 келі салмақ дәрежесінде Аяулым Төлеген де жеңімпаз атанды.
Облыс құрамасы қоржынына бұдан бөлек күміс жүлде салған жерлестеріміз де бар. Атап айтсақ, Шолпан Алтынбек, Ақерке Рахманберді, Марлен Исах пен Қажымұқан Төре күміс жүлдегер атанды. Ал Нұрлайлым Мусилим, Таушолпан Өмірзақ, Арайлым Шотыбай, Батпа Әбдірәсіл, Ләззат Оразбек, Рамазан Бейсенәлі және Мақсат Амангелді қола медаль еншіледі. Сайыпқырандардың бұл жеңісінде Түркістан облысының белбеу күресінен аға жаттықтырушысы Қуат Байқожаевтың еңбегі зор. Жеңімпаздар мен жүлдегер атанған спортшылар алдағы уақытта Азия чемпионатында ел намысын қорғайды.