ТҮРКІСТАНДЫҚ «ШАТТЫҚ» БИ ТОБЫ ЖЕҢІМПАЗ

Республикалық хореографиялық «Ақ шағала» фестивалі өз мәресіне жетті. Аталған би байқауы еліміздің мәдениет саласындағы айтулы шаралардың бірі болып есептеледі. Фестивалді өткізудегі негізгі мақсат – оқушылардың хореографиялық дамуына үлес қосу, шығармашылық мүмкіндіктерін шыңдау және балалардың бойына мәдени құндылықтарды сіңіру.

Би конкурсына еліміздегі аймақтардан 153 оқушы қатысып, бағын сынаған. Түркістан облысының намысын Жетісай ауданы,  №20 жалпы-орта мектебінің «Шаттық» би ұжымы қорғады. Байқауда «Шаттық» би тобы «Кесе», «Кадриль» билерін сахналап, жүлделі I орынға ие болып отыр. Би ұжымының жетекшісі Кенжехан Сапархалұлының айтуынша бұл олардың алғаш қатысып отырған байқауы емес. Ұжым бұрын түрлі байқауға қатысып, жүлделі орындар алып үлгерген.