Түркістандықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуда

Орталық тұрғындары эко-акцияның бесінші аптасында Арыс-Түркістан каналында жалпы тазалық жұмыстарын жасады.

«Мөлдір бұлақ» апталығында түркістандықтар каналды жарамсыз шөптерден тазартып, 25 қап қоқысын жинады.

Айта кетейік, эко-акцияның өткен «Өнегелі ұрпақ» апталығында бірқатар тазалық жұмыстары атқарылып, нәтижесінде 23 аялдама сұрланып қайта қалпына келтірілсе, 4000-ға тарта ағаш түбі қопсытылып реттелді. Қала көшелері 100 тонна қоқыстан тазартылып, зақымданған балалар ойын алаңшалары абаттандырылды.

Түркістан қаласының еріктілері мен жастары республикалық акцияға белсенді қатысты. Эко-акция аясында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағында абаттандыру жұмыстарын жасап, тазалық жүргізді. Қажетсіз шөптерден тазартып, қоқыстарын жинады. Акция барысында тазалық жұмыстарына қатысушылар Президент бастамасымен бастау алған экологиялық акцияның қоршаған орта мен тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға, тазалық мәдениетін қалыптастыруға үлес қосатынын айтты.

Жалпықалалық сенбілік республикалық «Таза Қазақстан» эко- акциясы аясында 32 тонна қоқыс жиналып, 1000-ға жуық ағаш түбі қопсытылды. Сондай- ақ, 2 шақырым ирригациялық канал тазаланып, 460 дана ағаш, 12000 түп гүл көшеті егілді.

Одан бөлек, 15 шақырым жаяу жүргінші жолы, 4 демалыс аумағы тазаланды. 15 тұрғын үйдің қасбеті әктеліп, сырланып, жарамсыз шөптері алынды.

Сенбілікке жалпы 300-ге жуық тұрғын атсалысып, 4 техника күші жұмылдырылды.