ҮЙДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР

«Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» КММ, психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектерге, І-ІІ топтағы мүгедектерге және егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, тоқтату шарттарын айқындайды.

716 қала тұрғынына үйден арнаулы әлеуметтік көрсетіледі. Оның ішінде егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адам саны-391, І-ІІ топ мүгедектер саны — 78, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектер саны – 84, психоневрологиялық ауыткулары бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балалар саны – 163.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі