ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ НЫҒАЮЫ
Ұлттық қауіпсіздік – қоғамның және жеке тұлғаның дамуы мен өмір сүруінің үйлесімді шарттарын ұстану бойынша тиімді қызметті қамтамасыз ететін әлеуметтік институттар жағдайын сипаттайтын ғылыми және тәжірибелі мәселе. Ұлттық қауіпсіздік саяси ғылым деңгейі ретінде, тарихи қалыптасқан нақты жағдайдағы ұлттық қызығушылықтарды іске асыруды қамтамасыз ететін қоғамдық институттар мен олардың әрекетін, қоғамдық түсінік пен қарым-қатынастарды қарастыратын толық жүйе ретінде сипатталатын қауіпсіздіктің ұлтпен байланысын көрсетеді.
Ұлттық қауіпсіздікте қауіпсіздіктің үш деңгейі ерекшеленеді: жеке тұлға, қоғам және мемлекет. Олардың орны мен ролі қоғамдық қатынас сипатымен, саяси құрылғылармен, ішкі және сыртқы қауіптер сипатымен анықталады. Ұлт үшін қысылшаң кезеңдерде қоғам қауіпсіздігі немесе мемлекет қауіпсіздігі іске қосылады.
Ұлттық қауіпсіздік түсінігінде саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, ақпараттық қауіпсіздік пен ұлттың мәдени даму қауіпсіздігі қарастырылады. Осының барлығы 1999-2005 жылдары кезеңіндегі Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік Стратегиясында көрсетілген. Бұл құжатта мүмкін болатын қауіптер талданып, олардың алдын алу жолдары алты маңызды салаларда – сыртқы, әскери, экономикалық, әлеуметтік-саяси, экологиялық және ақпараттық қауіпсіздік салаларында қарастырылған.Жалпы мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі сұрақтарға мұндай кешенді талдау мемлекет ұйымдарына осы салада жүйелік және дәйекті сипаттама берді. Бүгінгі күнде қойылған басымдықтардың дұрыстығы туралы нық сеніммен айтуға болады.