ҰЛТТЫҚ КОД — ҰЛТТЫҢ ТАРИХЫ

Ұлттық код — ұлттың тарихы, ғасырлар бойы қалыптасып, дамыған салт-дәстүр, тіл мен дінге қатысты бабалардың ұстанымы мен қасиеті. Міне, соларды сақтап, одан әрі дамыту жаһандануға қарсы тұратын ұлттық иммунитет. Бұл — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болшаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрініс тапты. Ендеше, ұлттық тарихты тереңірек сезініп, тарихи жадыны тереңінен қалыптастырудың маңызы ерекше.

Ұлттық код дегеніміз – ұлттық болмыс. Яғни, бір халықты басқа халықтан ажыратып, танытатын және сол халықтың әлем қауымдастығы алдында басқаға ұқсамайтын таным-түсінігі мен бітім-болмысын айқындап тұратын сипаты. Бұл сипаттың ерекшелігі  – дара халықтың жаратылысындағы айырықша антропологиялық генези­сінен бастап, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан дәстүр-салты, мінез-құлқы, арман-мұраты, тілі мен ділі, тұрмыстық-шаруашылық негіздеріне дейін толық қамти алуында. Бір сөзбен айтқанда, этностың тұтастығын сақтап тұрған кілтінің бүтін болуы. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаң­­ғыру» атты мақаласында «Әжеп­тәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бас­тау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең бас­ты шарты – сол ұлттық кодты сақ­тай білу. Онсыз жаңғыру деге­ніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай», деп атап өткен еді. 

А.АСҚАР