ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕ — ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ БЕЛГІСІ

Қай халық, Қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды, тәуелсіз болуын армандайды. Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге

асып,  1991 жылы 16-желтоқсанда тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Биыл міне, тәуелсіздігімізге 29 жыл толады. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

 Ұлттық валюта — тәуелсіздігіміздің бір белгісі.

   Ұлттық валютаны жасау Елбасымыздың жеке басшылығымен жүргізіліпті. Алғаш теңгеміз шыққан кезде біздің көптеген теңгелеріміз яғни,  5, 10, 20 теңгелеріміздің қағаз ақша болғанын теледидардан көрдім, сонымен қатар сынып жетекшіміз Шалкарова Перизат апайымыздың «Ұлттық валюта» тақырыбына өткізген тәрбие сағатынан көп мәлімет алдым.

1993жылдың 15-қарашасында теңгеміз айналымға енгізіліпті. Қазіргі таңда теңгелеріміз жаңарған, яғни өзгерген.

Еліміздің егемендік алып өсіп-өркендеуіне, гүлденуіне Елбасы Нұрсұлтан атамыздың қосқан үлесі үлкен екен. Бізге бақытты балалық шақ сыйлаған, таза да әдемі  мектепте білім алып жатқанымыз үшін Елбасыға айтар алғысым шексіз! Мен де келешекте Қазақстан халқына бір пайдасын тигізетін азаматша болсам деп армандаймын. Сөзімнің соңын мына жыр шумақтарыммен қортындылағым келіп отыр.

Көк айна елім бар, Кең жайлау жерім бар,

Еңбегі еленген, атақты ерім бар.

Жемісті бауым бар, шың-құзды тауым бар,

Әлемге әйгілі Қазығұрт, туған жерім бар.

Жайдарлы желім бар, өрісте малым бар,

Ерлікке баулитын, Егемен елім бар.

Тарих боп желтоқсан, күш-қуат аламын,

Егемен елімде, патриот боламын,

Мен өскен жеріме ие боп қаламын.

ТАЙЫН Айгерім Ержанқызы,

О.Жандосов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің

4-сынып оқушысы.

Жетекшісі: Шалкарова Перизат Кенесбайқызы

Түркістан облысы,  Қазығұрт  ауданы