ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ӘСКЕРИ БӨЛІМІ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН ТОЙЛАДЫ

22 наурыз күні 6506 әскери бөлімінің аумағында Наурыз мейрамы тойланып өтті. Айтулы іс-шараға әскери бөлімнің жеке құрамы түгелдей атсалысты. Бөлім клубында концерттік бағдарламамен басталған мейрам ұлттық ойындармен жалғасып, Наурыз көже, бауырсақ және басқа түрлі дәмді ұлттық тағамдар таратылды.

  • Бұл мейрам — ата-бабамыздан келе жатқан Ұлы мереке, қазақ халқының күнтізбесіндегі Жаңа жыл. Әдеттен жаңылмай, ұлттық мейрамымызды әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар арасында да жыл сайын өткізіп келеміз, өйткені ұрпақ өз тарихын, дәстүрін білуі тиіс, — деп, 6506 әскери бөлімінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы подполковник Сұлтан Нұрымбетов атап өтті.

Іс-шара барысында жеңіске жеткен командаларға бөлім командирі атынан грамоталар беріліп, бағалы сыйлықтар тапсырылды.

ҚР Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің баспасөз қызметі