ҮШ ЖОО-НЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНЕ АККРЕДИТАЦИЯСЫ ҚАЙТАРЫП АЛЫНДЫ
![](https://aldaspaninfo.kz/wp-content/uploads/2021/07/үш-ЖОО.jpg)
Қазақстандық үш жоғары оқу орнының енді диплом беруге құқығы жоқ. Ендігі кезекте олардың білім беру қызметіне аккредитациясы жоқ. Орталық Азия Университеті, «Астана» Университеті және Ақтау гуманитарлық-техникалық университетінің аккредитациялары кері қайтарылды.
Себебі, бұл жоғары оқу орындары білім беру сапасының аккредиттеу стандарттарын сақтамаған. Осыған байланысты Тәуелсіз қазақстандық аккредиттеу орталығы мен Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі аталған жоғары оқу орындарының аккредитациясын қайтарып алды. Енді бұл университеттер жоғары білім туралы құжаттарды бере алмайды, сонымен қатар студенттерді де қабылдауға құқығы жоқ.
![?](https://www.facebook.com/images/emoji.php/v9/tc7/1.5/16/1f4ac.png)
Комитет өзіндік үлгідегі дипломдардың сериясы, нөмірі және QR коды болатынына түлектер мен жұмыс берушілердің назар аударуларын сұрайды. Дипломдар сериясын ҚР БҒМ бекітеді. Диплом нөмірлерін генерациялау арнайы сервис арқылы жүзеге асырылады. Оның көмегімен жоғары оқу орындары серияларды және реттік нөмірлерді, сондай-ақ QR кодты алады.
Сондай-ақ талапкерлер мен ата-аналарды жоо-ның оқыту сапасы, оқу орнының инфрақұрылымы мен оқыту тәсілдерін зерделей отырып, жоғары оқу орындарын таңдауға асқан жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Сонымен бірге ҚР БҒМ бастамасымен «Атамекен» ҰКП өткізетін жоғары оқу орындарының ресми рейтингіне назар аударуды ұсынамыз. Рейтинг жұмыс берушілердің білім беру бағдарламаларының мазмұны мен қазақстандық жоғары оқу орындары түлектерінің сұранысқа ие болуын ескере отырып жасалған. Рейтингпен ҚР БҒМ және «Атамекен» ҰКП сайттарында танысуға болады.