ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЕ Wi-Fi ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША БАЗАЛЫҚ СТАНЦИЯЛАР ОРНАТЫЛДЫ

Сондай-ақ, Wi-Fi технологиясы бойынша «SNP Telecom» ЖШС Самал-1, Самал-2, Самал-3,  Бозарық, Асар, Нұртас, Құрсай, Тассай, Тұран, Таскен, Қайтпас-1, Қайтпас-2, Пахтакор-1, Пахтакор-2 шағынаудандарында жоғары жылдамдықты интернетпен қамту үшін «Қайнар» іскерлік орталығында радиусы 10 шақырымды қамтитын базалық станцияларын орнатты.

Сондай-ақ, 2021 жылға базалық станциялардың санын ұлғайту және байланыс сапасына толық талдау жүргізу мақсатында  өңіраралық байланыс инспекциясы және цифрландыру басқармасымен бірлесе қала аумағындағы 45 елді мекендер мен шағын аудандарға арнайы құрылғылармен байланыс сапасын тексеру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде Абай ауданына қарасты 3-мөлтекаудан, Агроферма Қарасу,

Әл-Фараби ауданына қарасты Қазыбек-Би 15 және Қаратау ауданынан қарасты Нұртас мөлтек ауданы Кұлагер көшесі 255 мекенжайларында интернет сапасы талапқа сай болмауына байланысты 100 АЕК (291 700) көлемінде айыппұлдар салынды.