«ҰЖЫМДЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ШАРТ ҰЙЫМЫ ТУРАЛЫ ҚАУЕСЕТТЕР НЕГІЗСІЗ»

деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазіргі кезде орын алып жатқан жағдайларда халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге зор маңыз беріледі. Бұл тек Орталық Азия өңірі үшін ғана емес, барлық дүниежүзілік қоғамдастық үшін өзекті мәселе.

Біздің өңірде ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіру мен өзара іс-қимылдың маңызды құралдарының бірі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) болып табылады. Ұйымның негізгі мақсаттары бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, ұжымдық негізде мүше мемлекеттердің тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау болып табылады. Ұйым 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсізді туралы шарттың негізінде 2002 жылы құрылды. Ұйымның негізгі қызмет ету бағыты әскери ынтымақтастық болып табылады. Сонымен қатар, ҰҚШҰ-ны құру барысында оның қызметіне жаңа сын-қатерлер мен қауіптермен күрес, сондай-ақ сыртқы саяси үйлестіру мәселелері де енгізілді. ҰҚШҰ-да өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін ынтымақтастықтың жеткілікті мөлшерде тиімді тетіктер құрылған. Бұл ретте, Қазақстан бұл ұйымның ең белсенді мүше мемлекеттердің бірі болып табылады.

Қазақстанда қалыптасқан соңғы ахуал бойынша осы Ұжымдық Ынтымақтастық Шарт Ұйымынан көмек сұрағанымыз белгілі. Десек те, әлеуметтік желілерде, шетелдік баспасөздерде бұл іс жайлы әртүрлі алыпқашпа пікірлер айтылуда. Өз кезегінде бұл шешімнің өте орынды қабылданғанын байқадық. ҰЫШҰ-нан келген екі мың сарбаз мемлекеттік маңызды мекемелерді күзетуде, қорғауда ел әскерлеріне өте үлкен көмек берді. Жағдай тұрақталып келеді. Сондықтан, екі күннен кейін елдеріне қайта бастайды деп күтілуде.