ВАКЦИНАЛАНДЫРУ БОЙЫНША ШЫМКЕНТ КӨШ БАСЫНДА

1 ақпаннан бастап вакциналау қарқынды жүріп жатыр. Шымкенттің 239 506 тұрғыны вакцинаның бірінші компонентін, ал 141 328 тұрғыны екі компонентін де алды. Бұл – вакциналанатын тұрғындардың 44 пайызы. Бұл көрсеткіш бойынша Шымкент көш басында. Иммундау шарасынан өткендердің басым бөлігі педагогтар.
Азаматтарды вакцинациялау үшін қалада 43 егу бекеті жұмыс істеп тұр. Мұнан бөлек 25 жылжымалы егу пункті бар. Шымкентте егу пункттерінде медицина мамандары демалыс күндерге қарамастан, вакцинациялау жұмыстарын жүргізеді. Егу пункттерінің жұмысы таңғы сағат 08:00 мен 20:00 аралығында.
Жаппай вакцинациялау алгоритміне сәйкес, қала тұрғындары вакцинаны жергілікті емханалардың егу кабинеттерінде арнайы тізім және алдын ала жазылу тәсілі бойынша салдырады.
Бүгінге дейін қалаға барлығы 394 545 доза ковидке қарсы вакцина жеткізілген. Қазірде емдеу мекемелерінде 63463 доза инфекцияға қарсы вакцина бар.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі