ВИРУСТЫ ЖҰҚТЫРУ ҚАУПІНЕ ҚАРАМАСТАН КӘСІБИ МІНДЕТІН ТАБАНДЫЛЫҚПЕН АТҚАРҒАН ДӘРІГЕР

Емхана міндеті – сапалы да тиімді медициналық көмек көрсету арқылы емделушілердің сеніміне ие болу. Ал, дәрігердің кәсіптік қызметінің басты мақсаты ургенттік, жоспарлы және превентивті медициналық көмек көрсету арқылы адам өмірін сақтау және оның сапасын жақсарту.

Бүгінде қала тұрғындарының сенімінен шығып, кәсіби дәрігер екенін дәлелдеген маманның бірі — Карымсакова Меруерт Ойдуллаевна. Ол денсаулық сақтау саласында 33 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Білікті дәрігер қазіргі таңда №4 қалалық емханада инфекционист дәрігері болып жұмыс атқарады.

Жас ерекшелігіне қарамастан халыққа барынша адал қызмет етіп, жас-кәріге кеңес беруден жалықпаған. Инфекционист дәрігер вирусты жұқтыру қаупіне қарамастан, өз қызметін тастамай, кәсіби міндетін табандылықпен атқарып келеді. Емханада күніне 15, ал айына 350-ге жуық халыққа сапалы медициналық көмек көрсетеді.
Елімізде қауіпті індет таралғанда нағыз батырлар біздің арамыздағы дәрігерлер, медбикелер мен басқа да медицина қызметкерлері екеніне көз жеткіздік. Осы қиын уақытта олардың дертке қарсы күрестегі зор үлесі мен еңбегін бағалағанымыз жөн.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі