ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМДА АДАМ ҚҰҚЫҒЫ БАСТЫ ОРЫНДА

Құқықтық жүйенің эволюциясында кейіннен бүкіл заң шығаруды және құқықтық реттеуді жаңартуға алып келген Ұлт жоспары (2015) маңызды орын алады. Нәтижесінде Қазақстанның заманауи заң шығару базасы 290-
нан аса жеке-дара заңдардан құралды. Тәуелсіздік жылдарында барлығы 2 мыңнан аса заң актілері қабылданған.
Конституциялық заңдар базалық мемлекеттік институттардың және тұтастай алғанда мемлекеттік басқарудың бірқалыпты жұмысын қамтамасыз етеді. Экономиканың тұрақты дамуын экономикалық блоктың заңдары
реттеп отырады. Бұл сала ерекше қозғалыста, сондықтан 2010-шы жылдары экономиканы басқару үшін заңнамалық актілердің үшінші буыны (Салық, Кеден, Бюджет кодекстері) талап етілді. Бұдан басқа, 2015 жылы
бұрын тіпті болмаған құжаттар қабылданды – Кәсіпкерлік кодекс, «Мемлекет-жекеменшік әріптестік туралы», «Өзін-өзі реттеу туралы», «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» заңдар. Парламентке ұсынылған
жаңа кодекстердің жобалары – Салық, Кеден, Жер қойнауы және жер қойнауындағы байлықтарды пайдалану туралы – экономикалық жағдайды және жаһандық үдерістерді ескеріп жасалды.

2014 жылы құқық қорғау, азаматтардың құқығын, мемлекет пен қоғамның қауіпсіздігін қорғауды күшейту заңнамаларын түбегейлі жаңартуға байланысты жұмыстар қолға алынды. Жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-атқарушылық, процессуалдық, әкімшілік құқық бұзушылық кодекстері қабылданды.
Қылмыстың кейбір түрлерін қайта қарастыруды шараны кең қолдануды, бас еркінен айырудың баламасын, ұлттық бизнестің мүдделерін қорғауды қарастыратын Қылмыстық және Қылмыстық-процессуалдық кодекстерді
реформалау жалғасты.
Заңнамалық жұмыстардың маңызы 2017 жылы басталған үш базалық саланы – экономиканы, саясатты, сананы – жаңғыртуға байланысты арта түсті.