ЗАҢ ШЕҢБЕРІНДЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНАДЫ
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығына сәйкес, Төлеби ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаевтың бекітілген кестеге сай, кезекті кездесуі Көксәйек ауылдық округінде жалғасын тапты.
Кездесуде Сержан Дауылбайұлы 2024 жылдың 8 айында округ аумағында атқарылған жұмыстар мен жүзеге асатын жобаларды таныстырып, сәуір айында өткен кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірді.
Жыл басында өткен алғашқы кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді шешу бойынша іс-шара жоспары түзіліп, жүйелі жұмыстар жүргізілу нәтижесінде 26 мәселе өз шешімін табуда. Ауылдық округте 8 айда атқарылған жұмыстардың бағыттары: Көксәйек елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын аяқтауға қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2025 жылға ауыспалы. Көксәйек елді мекеніндегі 600 орындық мектептің инженерлік-инфрақұрылымының құрылысы жүргізілуде, 2025 жылы аяқталады деп күтілуде. Аудандық балалар саз мектебіне қосымша ғимарат құрылыстарын аяқталып, пайдалануға берілді.
Көксәйек елді мекенінің инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысын жүргізу үшін (газдандыру) қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2025 жылға ауыспалы. Д.Қонаев көшесінің 1,9 шақырымы, Қалдаяқов көшесінің 3,2 шақырымы, Байгел ата көшесінің 2,5 шақырымы, жарықтандырылды. Жалпы ұзындығы 2 шақырым Алтынбастау көшесін орташа жөндеуден, Жіңішке елді мекенінің ауыз суын ағымдағы жөндеуден өтуде.
Көксәйек каналының 6 шақырым механикалық тазалаудан өтті. Көксәйек елді мекенінің келетін Сайрам су өзенінен бастау алатын каналдың құлаған және жар болып кеткен 250 метр жеріне механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Сұрақ жауап форматындағы кездесуде аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дауылбайұлы азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстары бойынша жауапты сала басшыларына мүмкіндіктерді қарастыра отырып, заң аясында шешу қажеттігін тапсырды. Көтерілген мәселелер мен қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен ашықтық қағидатына сәйкес қоғаммен байланысты нығайту жұмыстары одан әрі жалғасады.
Барлық мәселе бойынша әкімдік қызметкерлері мен құзырлы органдар бірлесе зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң аясында шешім қабылданады.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі