ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖЕТЕКШІ ОРЫНДА

Онжылдық ортасында нақты зейнетақы деңгейі жөнінен Қазақстан жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасында жетекші орынға шықты.
Онжылдықтың екінші жартысында зейнетақы қызметтері нарығын сауықтыру мақсатында шағын зейнетақы қорлары бәсекеге қабілетті ірі қорларға қосылды. 2010-шы жылдардың басында елімізде 11 жинақтаушы зейнетақы қоры қалды, онда 8 миллион азаматтың жеке шоты бар.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі шапшаң экономикалық өсім жылдарында жақсы қырынан көрінді, алайда қаржылық құлдырау жағдайында зейнетақы қорларының инвестициялық кірісі инфляциядан едәуір – екі есеге
– қалып қойды. Бұдан бөлек, зейнетақы қорларына ерікті түрде жеке қаражатын салғысы келетін азаматтар аса көп болмай шықты, ал ерікті кәсіби жарналардың мөлшері тіптен аз екені анықталды. Жұмыс берушілер
зиянды өндірістерде жұмыс істейтін өз қызметкерлері үшін аударымдар жасауға асыққан жоқ.
Әлеуметтік қамсыздандыру саласында әлдеқайда мардымды өзгерістерсіз қиынға соғатыны түсінікті болды. Тәуелсіз сарапшылардың талдауы мынаны көрсетті: қолданыстағы зейнетақы заңнамасы кезінде алдағы он
жылда зейнетақы төлемдерінің осы деңгейі мемлекет үшін шамадан тыс ауыртпалық болмақ.

Мұндай өрескел ахуалға келісе алмайтынын білдірген Елбасы зейнетақы жүйесінің шұғыл түзетулерді қажет ететінін айтты. Үкіметке зейнетақы жүйесін реформалау жөнінде ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.