ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап атқарушы билік жүйесін жетілдіру Н.Ә.Назарбаевтың  басты назарында болды. Көп жағдайда елдің күнделікті өмірі барлық мемлекеттік институттардың бірлескен жұмысына, ал реформаның табысы халықтың сеніміне ие орталық және жергілікті органдарды біріктіретін тиімді басқару жүйесіне тәуелді екенін түсінгендіктен, жаңа мемлекет жағдайында нағыз тұрақтылықты қауқарлы, вертикалды билік қана жүзеге асырады деп есептеді.

1990 жылдың қазан айында Жоғарғы Кеңес Мемлекеттік тәуелсіздік туралы Декларация қабылдады, ал қарашада мен «Мемлекеттік билік құрылымын жетілдіру және Қазақ КСР-індегі басқару туралы» заңға қол қойды. Соған сәйкес ел Президенті атқарушы және жоғары биліктің басшысы болып табылады. Ол үкіметті құрып, министрлер мен мемлекеттік комитет төрағаларын тағайындайды.

Мемлекеттің жалпыұлттық міндеттерді шешудегі күш-қуатын арттыру үшін мен Президент аппаратын үкімет аппаратымен біріктірдім. Сондай-ақ жаңа консультативті кеңес органы – Республика Кеңесі бекітілді.