ЖАҢА ЖЫЛДА 10 САҒАТТЫҚ МЕГАЖОБА КӨРСЕТІЛМЕК

Жаңа жыл — отбасылық мереке екені белгілі. Сондықтан отбасы мүшелері түгел жиналған кезде бірге отырып теледидардан концерт көру кімге де болса ұнары сөзсіз. «Астана» телеарнасы Жаңа жыл мерекесіне орай өз көрермендеріне арнап ерекше сыйлық дайндады.

Еліміздің телевизия тарихында алғаш рет он сағаттық мерекелік жоба өтеді. Uly Dala Jana Jyly атты концертте он жеті аймақтың дүлдүлдері өнер көрсетеді. Таңғажайып кеш 31 желтоқсан күні «Астана» телеарнасынан көрсетіледі.