ЖӘРМЕҢКЕДЕ 72 АДАМ ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданына қарасты Орталық қырғы базарда «Мүмкіндіктер алаңы» бос орындары жәрмеңкесі өтті.

Әл-Фараби аудандық жұмыспен қамту бөлімі және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі бірлесіп, жұмыссыз жастарға арналған мемлекеттік бағдарамаларды насихаттады.
Жәрмеңкенің басты мақсаты – жастарды нәтижелі жұмыспен қамту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, жастар практикасы мен қоғамдық жұмыс, алғашқы жұмыс орны бағдарламаларын ұйымдастыру. Жұмыссыз жастардың санын азайту.

Жәрмеңкеде оператор, көлік жүргізушісі, күзетші, тігінші, хореограф, бухгалтер, менеджер т.б мамандықтарға бос жұмыс орындары бар.
Айта кетейік, «Мүмкіндіктер алаңы» бос орындары жәрмеңкесіне 500-ге жуық адам қатысып, 72 адамға жұмысқа жолдама берілді.