ЖАС ДЕПУТАТ ӘЗ-НАУРЫЗДЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

Наурыздың 18‐і «Игі істер күні» деп аталып, бұл күні әр адам өзінің мүмкіндігіне қарай жақсылық жасайды екен.
Біреу ағаш егіп, табиғатты аялауға көңіл бөлсе, енді біреу ерікті ретінде қарттарға көмектесіп, ауыр жұмыстарға жүгінеді. Сөйтіп, кісінің бір жақсылығы ондаған жүректі жылытады. Әз-Наурыздың ерекшелігі де, қасиеті де сонда.
Бүгінгі мерекелік көңіл-күйді еселеген игіліктің ең үлкені Сайрам ауданында «Қамқорлық» бағдарламасы аясында жүзеге асты.

Nur Otan партиясының белсендісі ретінде аудан тұрғындарына белгілі Динара Егамбердиева 112 отбасына арналған азық-түлік жиынтығына демеушілік жасады.
Бұл 112 отбасы мүшелері мұқтаж болғанымен, мемлекеттен ешқандай төлем алуға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан «Қамқорлық» бағдарламасы аясында тұрақты қолдау көріп келеді.
Динара Асылқызы – Сайрам ауданынан Түркістан облысының мәслихатына сайланған жас депутат. Жас та болса, бүгінде аудандағы маңызды іс-шаралардың басынан табылады.
Оның ұйытқы болған бүгінгі қайырымдылық шарасына аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясының Сайрам ауданындағы филиалының төрағасы Ұ.Сәдібеков және бірінші орынбасары А.Абдикадиров, аудан әкімінің бірінші орынбасары А.Усербаев, аудандық мәслихатының хатшысы, депутат Ш.Халмурадов
қатысып, қолдау білдірді.
Ақмарал Молдияр.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз хатшысы