ЖАС ПАТРИОТТАРДЫҢ СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

Щучинск қаласында жас патриоттардың бірінші Спартакиадасы басталды. Қазақстан әскерінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған жарысқа  «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы мен «Жас ұлан» республикалық мектептерінің тәрбиеленушілері, жалпы саны 80-ге жуық жасөспірім қатысу үстінде.Жарыстар Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледж және Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының оқу-жаттығу орталығы базасында өтіп жатыр.  Төрт күн бойы жасөспірімдер пневматикалық мылтықтан оқ атудан, белтемірге тартылудан, шаңғы жарысы және әскерилендірілген эстафетадан жарысып, бақтарын сынайды.Жарыс қорытындысы бойынша жеке және командалық есепте жеңімпаздар анықталады.