ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Ағымдағы жылдың 15-қарашасынан бері қалада Pfizer вакцинасы 10 860 адамға салынған. Екпе алғандарлың басым бөлігі жасөспірімдер. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Позилов Бақытжан Ақпараттық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәжілісінде мәлімдеді.

Шымкент қаласының тұрғындарына вакцинаның үшінші дозасын енгізу қарқынды жүргізілуде. Бүгінде 14 771 адам ревакцинацияланды. Қаладағы эпидемиялогиялық жағдай тұрақты. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 8 жағдайы тіркелді. Бүгінге 68 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде 61 науқас стационарда, 7 науқас үй жағдайында амбулаторлық ем қабылдауда.