ЖАСТАР ЛИГАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Қазақстан Республикасы президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған кешенді бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Осыған орай, мектеп оқушыларының арасында ұйымдастырылып жатқан «Шымкент жастар лигасы» спорттық жарысы биыл II-рет өтуде.

Мектеп оқушалырының бос уақытын тиімді пайдаланып, оларды салауатты өмір салтын ұстануға насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған шараға футбол, волейбол, баскетбол, шахматтан қаланың 151 мектебінен жалпы саны 514 команда бақ сынауда. Оның ішінде 1458 оқушыдан құралған 129 команда спорттың волейбол түрінен сайысып жатыр.

Ал, спорттық жарыстарға төрешілік жасауға және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге 400 ге жуық дене шынықтыру және спорт саласының мамандары жұмылдырылған. Айта кетейік, жарыс 2021 жылдың 23 қазан айында бастау алған болатын. Сайыс жеңімпаздары 2022 жылдың 1 маусымында марапатталады. Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадиондағы іріктеу кезеңі арнайы кестеге сәйкес өтуде.