ЖАСТАРДЫҢ ЖАНАШЫРЫ — ЕЛБАСЫ

Елбасы қандай жас қазақстандықтарды көргісі келеді? Оның қазақстандықтарды, бәрінен бұрын, бәсекеге қабілетті және кәсіби шеберлігі жоғары мамандар ретінде көргісі келеді. Бүгінгі таңда жаңа білім меңгеру және жақсы мамандық алу бірінші орынға шықты. Бүгінгі күні білім ұзақ мерзімдік «Қазақстан-2050» стратегиясының аса маңызды басым міндеттерінің бірі деп танылады. Ел Президентінің республикамыздың алдына қойған әлемдегі ең озық 30 елдің қатарына кіру міндетін жүзеге асыру ісінде білім саласы елеулі рөл атқарады. Жоғарыла айтылғандай, Қазақстандықтардың алдында тұрған аса маңызды міндет – жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясын өмірге енгізу қоғамымыздың барлық саласында ойдағыдай жүргілілуі керек. Оның іргетасы оқу орындарында салынуға тиіс. Студенттердің «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнін оқып-үйренуі үдерісі білім алушылардың бойларында: рухани-адамгершілік қасиеттерді, Отанды сүю мен азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыруға, ұлттық санасезім мен төзімділікті дамытуға, зайырлы құндылықтарды нығайтып, жастардың лаңкестік пен экстремизм идеяларынан саналы түрде бас тартуын қалыптастыруға, көпэтностық Қазақстан жағдайында өнегелі қарым-қатынас орната білуді үйретуге бағытталуға тиіс. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын алға тарта отырып, Мемлекет басшысы жастарға үлкен сенім білдіріп отыр, ал оны ақтау – әрбір ұл мен қыздың ар-намысының ісі. Қазақстан қоғамында қазіргі кезде бұрынғы ұрпақ¬тардан айтарлықтай өзгеше, мүлдем жаңа зияткерлік тап: жаңа бағдар ұстанған, құндылық ұстанымдары ұтымды экономикалық іс-қимылдар арқылы табысқа жетуге бағытталған жастар табы қалыптасты.

Соған байланысты өзінің республика жастарымен көптеген кездесулерінде Н.Ә.Назарбаев: «Әр адамның бойына істей білу, оқып-үйрене білу, өмір сүре білу, қазіргі әлемде өмір сүре білу қасиетін сіңіру керек», – деп жиі ескертеді.

Атап айтқанда, Елбасы 2015 жылы сәуірдің 10-ында Астанада «Елбасымен бірге — жаңа жеңістерге» деген жастар форумында: «Сендер экономиканың кеңестік жүйесін және өркендеуіміздің сол заманғы қиын бастауы болған кезді білмейтін тәуелсіздіктің алғашқы ұрпақтарысыңдар. Сонымен қатар сендер жаһандық әлем жағдайында өмір сүріп жатқан алғашқы ұрпақсыңдар, сондықтан сендер өркендеуіміздің талаптарын барынша айқын түсінуге тиіссіңдер», – деді. Сөзін ары қарай жалғастырған Ұлт көшбасшысы жастарға: «Бүгінгі таңда көптеген жетістіктеріміздің нәтижесінде Қазақстан дамыған елдердің алғашқы отыздығына кіре алатын жағдайға жетті. Іс жүзінде біз экономиканың дамуы серпіні, бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындар, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау және басқадай салалар бойынша осы елдердің қатарындамыз. Енді біз әлемдегі жетекші елдердің экономикасына халықтың өмір сүруінің нақты деңгейі және сапасы жағынан теңесуге тиіспіз. Ол үшін, ЖІӨ көлемі, әр қазақстандыққа есептегенде, дамыған елдердегі шамадан екі есе артық болуға тиіс», – деген ойын жеткізді. Осы форумда Елбасы жастардың назарын ғаламдық бәсеке ғасырының: «Өзгер, әйтпесе тайып тұр!» деген қатаң ұстанымы бар екеніне аударды. Ал бұл талап ең жоғарғы міндеттерді нақ осы жастардың алдына қояды, өйткені жас кезінде адам жаңа жағдайларға тез бейімделеді.

Сөзін қорыта келе, Елбасы: «Бүгін мен отансүйгіш жас ұрпақтың өсіп, қанаты қатайып келе жатқанын көріп отырмын. Сендер қазіргі Қазақстанның асқақ мұраттарында тәрбиелендіңдер. Өздеріңнің еңбектеріңмен, білімге құштарлықтарыңмен және нақты істеріңмен сендер мәңгілік Отанымызды – мәңгілік елімізді даңққа бөлейсіңдер. Мен балғын, жас азаматтардың тәуелсіздік мұраттарын абыроймен жүзеге асырып, Отанымыздың жеңістері эстафетасын жалғастыратынына сенімдімін», – деді. Бүгінгі күні жастар саясатын жүзеге асырудың мемлекеттік ұстаны-мын айқындайтын маңызды құжаттар: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңы және «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы қаулысы Елбасының бастамасымен қабылданған.