ЖАЗҒЫ МЕКТЕП ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

Бүгін Шымкент қаласындағы Ақпараттық коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының балалардың құқығын қорғау мәселесі жөніндегі орынбасары А.Жүнісова және Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиеваның қатысуымен 2020-2021 оқу жылының аяқталуы бойынша баспасөз брифингі өтті.

Жиын барысында А.Жүнісова: «Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өңірлерде білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері қызмет атқарады.
Министрлік 2020 жылдан бастап Департаментке балалардың құқықтарын қорғау функциясын жүктеді. Балалардың құқықтарын қорғау мәселесі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Осы жұмыс Қазақстан Республикасының бала құқықтары жөніндегі Уәкілімен тығыз байланыста жүргізіледі.
Департамент мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және де басқа ұйымдармен балалардың құқықтарын қорғау, бала асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығына қатысты іс-қимыл, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мәселелері бойынша жұмыс жүргізеді. Жылына бір рет білім беру, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған әлеуметтік қорғау, білім беру ұйымдарында балалардың білім алуына, тамақтануына, демалысты, сауықтыруды және бос уақытын ұйымдастыруға, балалардың құқықтарын қамтамасыз етуге мониторинг жүргізуге қатысады.
Департаменттің бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «Сенім телефоны» мен жауапты маманның байланыс телефоны Департаменттің Facebook, инстаграм парақшалары мен ресми сайтында орналастырылған.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ата-аналар арасында жедел түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Телеграмм мессенджер каналында «Бала қорғау» жедел көмек беру чатын ұйымдастырды. Бұл чатта Шымкент қаласының мыңнан аса ата-аналары тіркелген.
2020 жылы «Бала қорғау» чатына денсаулық, әлеуметтік, білім салаларына қатысты мәселелері бойынша хабарласқан 200-ден астам ата-анаға біздің тарапымыздан жедел жауап беріліп отырды. Сонымен қатар, осы чатта жарияланған ата-аналардың 7 өтініші бойынша зерделеу жұмысы жүргізіліп, қанағаттандырылды. Департаменттің тікелей араласуымен көпбалалы аз қамтамасыз етілген 12 отбасының балаларын қашықтықтан оқытумен қамтамасыз ету мәселелері оң шешімдерін тапты.
Жоғарыда атап өткенімдей, біз Қазақстан Республикасының бала құқықтары жөніндегі Уәкілімен тығыз байланыста жұмыс жасаймыз.
Былтырғы жылы, пандемия кезінде Шымкент қаласы бойынша туа біткен жұлын грыжасына (Spina Bifida диагнозы) шалдыққан 8 балаға Қазақстан Республикасындағы бала құқығы бойынша уәкілі Аружан Саинның кайырымдылық көмегімен бөлінген урологиялық Нелатон катетері Департаменттің тікелей араласуымен екі реттен таратылды.
Сонымен қатар, Департамент Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырыстарына қатысып, тиісті ұсыныстар беріп отырады (2020 жылы – 6 отырыс, 2021 жылдың 5 айында 8 отырыс өткізілді).
Комиссия отырыстарында қаралған өмірдің қиын жағдайына тап болған балалар мен олардың ата-аналарына психологиялық қолдау көрсету мақсатында Департамент «REFRAME» тұлғаны дамыту орталығының білікті мамандарын тартып, үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарын үйлестірді.
Өздеріңізге белгілі, былтырғы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізудің ережелеріне өзгерістер енгізілген болатын. Министрлік тарапынан бұл өте орынды, дер кезінде қабылданған шешім болды деп ойлаймын. ҰБТ-ға тыйым салынған (смартфон, шпаргалка т.с.с.) заттарды әкелген, тест барысында қолданған 204 баланың жұмысы жойылып, тестен шығарылған болатын. Бұл әрине бала үшін де, ата-ана үшін де үлкен стресс болды. Осы орайда, Департамент тарапынан білім басқармасына қарасты әдістемелік орталықтың тәжірибелі психологтарының 204 балаға психологиялық қолдау көрсету жұмысы үйлестірілді. Сонымен қатар, ҰБТ ережелері бойынша оқушылар мен ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Биылғы жылы ҰБТ жаңа электронды форматта «бір тестіленуші — бір компьютер — бір камера» принципі бойынша өтіп жатыр. Өкінішке орай, ережені бұзып, тыйым салынған заттарды қолдануға әрекет жасау фактілері орын алуда. Дегенмен, былтырғы жылмен салыстырғанда 5 есеге дейін бұзушылық фактілер азайған.
Сонымен қатар, қосымша айтып өткім келеді, ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі №142 «Баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша республикалық мониторингтік топ құру туралы» бұйрығына сәйкес барлық өңірлерде мониторингтік топтар құрылып, мониторингтік топтың ережесіне сәйкес топтың құрамы ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне бекітуге жолданды. Өңірлік мониторингтік топтың құрамына білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандару басқармалары мен Полиция Департаменті, бала құқықтары мәселелерімен айналысатын ҮЕҰ-ның өкілдері кіреді.
Шымкент қаласының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті өңірлік деңгейдегі мониторингтік топтың жұмысшы органы болып табылады. Қоғамдық бақылаудың мақсаты баланың құқықтарын қорғау, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қараудың профилактикасы, қоғамды балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне тарту болып табылады.
Қазақстан Республикасы «Бала құқығын қорғау» Заңының 24 бабына сәйкес ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері баланың жан-жақты дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайын жасауға, баланы дұрыс тәрбиелеуге, оны күтіп бағуды жүзеге асыруға міндетті. Соңғы кезде елімізде бүлдіршіндердің терезеден құлауы, жол апатына түсуі, шомылу кезінде суға кетуі сияқты қайғылы оқиғалардың орын алып жатқандығы белгілі. Мұның басты себебі — ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдерінің баланы қараусыз қалдырғандығы. Әрине осы жағдайларға тікелей ата-аналар жауапты. Осыған байланысты балаларды қараусыз, қадағалаусыз қалдырмау, тыйым салған жерлерге жібермеу ол да ата-ананың тікелей міндеті екендігін айтып өткім келеді.
Біз өзіміздің тарапымыздан әлеуметтік желіде жасөспірімдерге қатысты келеңсіз жарияланымдарға назар аударып, жазатайым оқиғалар, құқықбұзушылық фактілер тағы да басқа жағдайлар бойынша «Бала қорғау» чатына, Департаменттің «Сенім телефонына» түскен сұрақтар мен өтініштерді қарастырып, әрекет етіп, кеңесімізді беріп отырамыз.
Жыл басынан «Бала қорғау» чатына 100-ге жуық ата-ана жүгінген болса, «Сенім телефонына» 30-ға жуық ата-ана хабарласты. Және өзімнің жеке қабылдауыма 23 ата-ана, 8 колледж оқушылары мен 4 ЖОО-ның студенттері келді», — деп жасалған жұмыстар жайлы ақпарат берді.

2020-2021 оқу жылының аяқталуы жөнінде есеп берген Ж.Тәжиева: «Соңғы қоңырау 2020-2021 оқу жылын қорытындылау, оқушыларды сыныптан сыныпқа көшіру және 11-сынып оқушыларының мектеппен қоштасуын өткізу мақсатында ҚР БҒМ 2021 жылғы 5 мамырдағы «2020-2021 оқу жылы аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау өткізу мерзімдері туралы» №203 бұйрығына сәйкес 25 мамырда өтеді.
9,11 сыныптарға арналған мектептің 300 оқушыға дейінгі мектептің ауласында ашық ауада, өңірлердің бас санитарлық дәрігерлерімен келісім бойынша, санитарлық нормаларды сақтай отырып салтанатты жиын және сыныптарды ашық сабақтар форматында өткізу жоспарлануда.
Санитарлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды қамтамасыз ету, маска режимін қамтамасыз ету, мектеп аумағында және ғимаратында белгі қоя отырып,іс-шараға қатысушылар арасында кемінде 1-1, 5 метр қашықтықты сақтау, ата-анасының немесе заңды өкілдерінің тек бірінің ғана қатысуы ұсынылды.
Іс-шараларды өткізу үшін аниматорлар мен мерекелік агенттіктердің жеке студиялардың қызметіне жүгіну, бітіру кешін ұйымдастыру (сыныпты безендіру, түлектің сыртқы келбеті және т. б.), мерекелік дастархан ұйымдастыру, автомобильдерді жалға ала отырып, қала бойынша көшпелі экскурсиялар өткізу, мейрамханаларда, кафелерде және басқа да ойын-сауық мекемелерінде бітіру іс-шараларын ұйымдастыруға рұқсат берілмейді.

Биылғы 2020-2021 оқу жылында 11-сыныпты 9 342 оқушы, 9-сыныпты 16 267 оқушы бітіргелі тұр. Оның ішінде «Алтын белгіге» үміткерлер саны – 513, «Үздік аттестатқа» үмікерлер саны – 415 оқушы.
ҚР-ның «Білім туралы» Заңына және ҚР БҒМ-нің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидаларына» сәйкес 9 (10) және 11(12)-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау 28 мамыр мен 10 маусым аралығында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, мектеп қабырғасында өткізілетінін болады.
Денсаулық жағдайына байланысты және жазғы оқу-жаттығу жиынына, халықаралық олимпиадаларға қатысатын 406 оқушы қорытынды аттестаттаудан босатылады.
«Алтын белгіге» үміткер білім алушылардың жазбаша жұмыстарын (эссе, алгебра және анализ бастамалары бойынша) білім басқармаларының жанынан құрылған арнайы Комиссия үміткерлердің емтихан жұмыстарын тексереді. Комиссия құрамына жазбаша емтихандар өтетін пәндердің білікті, тәжірибелі мұғалімдері кіреді.
2021 жылдан бастап ҰБТ тапсыру «Бір компьютер – бір камера» принципі бойынша әрбір тестіленуші үшін дербес компьютерді пайдалану арқылы электрондық форматта өтуде. Бұл ретте, тестіленуші жылына 2 рет ақылы және 2 рет білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік ала отырып, тегін ҰБТ тапсырады.
ҰБТ арнайы жабдықталған 2 аймақтық «U-Study» тестілеу орталықтарында 6 мамыр мен 30 маусым аралығында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып (білім беру гранттарын тағайындау конкурсы арқылы 2 мүмкіндік) «Адалдық алаңы» қызметкерлері мен арнайы мониторингтік топ мүшелерінің бақылауымен өтуде.
ҰБТ тапсыруға 15 173 талапкер тестілеуге (2 рет тапсырғанда 30 346) өтініш білдірген.
Оның ішінде: Шымкент қаласынан – 8 585 түлек, Түркістан облысының Сайрам, Төлеби, Қазығұрт, Түлкібас, Бәйдібек аудандарынан 6 588 талапкер тіркелген.
Жалпы бір күнде екі ауысыммен 43 күн аралығында 30 346 талапкер тестілеуден өтетін болады.
Бүгінгі таңға ҰБТ тапсырғандар саны – 4 634 талапкер. Өз еркімен қатыспағандар саны – 259, жұмысы жойылғандар саны – 64.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің тапсырмасына сәйкес мектептерде оқыту сапасын арттыру және шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында ата-аналарының өтініші бойынша барлық тілек білдірген білім алушылар үшін 26 мамыр – 19 маусым аралығында жазғы мектеп ұйымдастырылғалы отыр.
Қашықтан, аралас оқыту режимінде оқыған мектептердің 6, 7, 8 және 10 сынып оқушылары, аралас оқыту режимінде қашықтан білім алған 1-5 сынып оқушылары және барлық мектептердің 9 сынып бітірушілері қалауы бойынша жазғы мектепте оқытылатын болады.
Пәндер педагогтардың сағат жүктемелеріне сәйкес жүргізіледі.
2021-2021 оқу жылында Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты –151 жалпы білім беретін мектептерінде – 213 337 оқушы білім алуда. Оның 11-сыныпта 9342 бала бітіруші түлектер. Демалыспен қамтылуы тиіс 1-10 сынып аралығында 203 995 оқушы.
Жалпы, оқушының көп балалы отбасы балалары – 11 789, аз АӘК алатын отбасы балалары – 43 384, жетім ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 565, төтенше жағдайға душар болған отбасының балалары 10. Жалпы аз қамтыған отбасының 55 748 баласы мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алуда.
Жалпы орта мектептерінен 7 341 бала, балалар үйінің 157 баласы және дарын мектептерінің 300 баласы қала сыртындағы лагерлерде демалатын болады. Одан бөлек Ата-аналар есебінен 22 655 бала демалатын болатын болады.
Оқушылар сарайына қарасты «Ақсу» лагеріне 1200 баланы 8 ауысымда қамту жоспарлануда. Әр ауысымда санитарлық талаптар сақтала отырып 150 баладан қамтылатын болады.
Қала сыртындағы лагерьлермен қатар, мектеп жанындағы мектеп алды алаңдары жұмыс жасайтын болады.
Қала сыртында демалатын отбасының балаларының әлеуметтік жағдайы:
— 157 жетім балалар;
— 4093 АӘК алатын отбасының балалары;
— 2653 көп балалы отбасының балалары;
— 895 жартылай жетім отбасының балалары;
— 22 655 ата-аналар есебінен қала сыртындағы лагерлерде демалыс аймақтарында демалатын болады.
Қаладағы санитарлық эпидемологиялық жағдайға және «Қызыл аймақта» аймаққа қайта-қайта ауысуына байлынсты қала мектептерінің жанынан жазғы демалыс алаңшаларын ашу мүмкіндігі болмай отыр. Бала өмірінің қаупісізідігінің маңыздылығын ескере отырып, жаз мезгілінде онлайн форматта оқушылармен күніне бір рет қатынас орнатып, түрлі тәрбиелік мәні бар сағаттар ұйымдастыру жоспарлануда.
Биылғы жылы аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы лагерлерде демалу үшін ата-анадан өтініш қабылдау E.gov порталы арқылы онлайн қабылданатын болады.
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 12 аула клубында ақысыз үйірмелер ашылып, көпшілік мәдени іс-шаралар өткізіледі. Сонымен қатар, аталмыш аула клубтарындағы балаларды ата-аналардың демеушілігімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облысымыздағы тарихи-мәдени орындарға экскурсия, саяхатқа апару жұмыстары жүргізіледі. Балалардың бос уақытын тиімді өткізу тұрақты бақылауға алынады.
Барлық жазғы сауықтыру орталықтары қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан жұмыс жүргізу үшін рұқсат қағаздарын алып, залалсыздандыру (дезинфекциялау) жұмыстары жүргізілді.
Барлық лагерлерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, осы жылдың 5 маусымынан бастап балаларды қабылдайтын болады» деді.

Жиын соңында спикерлер журналистердің сұрақтарына жауап берді.