ЖАЗУШЫ ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВ ӨМІРДЕН ӨТТІ

Бүгін Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Қабдеш Жұмаділов өмірден өтті. Ол 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген.

Қазақтың көрнекті қаламгері, Халық жазушысы Қабдеш Жұмәділ ағамыздың жаназасы ертең, 06 сәуір күні, сағат 10:00-де Алматы қаласы, Жамбыл көшесі 163-ші үйдің алдында өтеді.
Марқұмның сүйегі өзінің аманаты бойынша Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, «Бақты-Аягөз» тас жолының бойындағы бейітке қойылады.
Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қонақасы тек жақын туыстарына, үйде беріледі. Баршаңыз түсіністікпен қарайсыздар деген сенімдеміз.
Қабдеш ағамыздың рухы бейіштің төрінде шалқысын!