ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтап, қоршаған ортаны қорғаумен тікелей байланысты.
Кез-келген ортаның тазалық көрсеткiшi сол жердің тұрғындарының мәдени деңгейiн көрсетедi. Бүгінде аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тікелей тапсырмасымен аудан тұрғындарының жақсы тұрмысы үшін жаңа бастамаларды жүзеге асыруды қолға алынған. Солардың бірі – аудан аумағында тазалық жұмыстарын тұрақты жүргізу, санитарлық тазалықты жүйелендіру.
Осы мақсатта бүгін аудан аумағында жаппай сенбілік ұйымдастырылды. Қала, кент және барлық ауылдық округтерде өткен жаппай сенбілік жұмыстарында мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері өздеріне бөліп бекітілген көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізсе, ауданның әрбір тұрғыны үй іргелік жерлерін күл-қоқыстардан, жапырақтардан тазартты. Сонымен қатар, сенбілік барысында саябақтар мен көшелер, арық-атыздар тазаланды.
Коммуналдық сала мамандарының мәліметінше көп пәтерлі үй маңындағы аумақтар мен аулалар, көше бойында бей-берекетсіз жатқан қоқыстар, ирригациялық жүйелер тазаланған сенбілікке 900 адам мен 10 техника қатысып, 25 тонна қоқыс шығарылды.
Мұндай сенбілік жұмыстары жыл бойы жалғасып, әрбір мекеме мен әрбір аула тұрғындарға бекітіліп беріліп, тазалықты сақтауға ауыл ақсақалдары да жұмылдырылған.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі