ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ЫНТЫМАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында аудан аумағындағы қала, кент, ауылдық округтерді аралап, халықпен кездесулерін Жетісай аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов жалғастырды. Кезекті кездесу Ынтымақ ауылдық округінде өтті. Бұған дейін тұрғындар тарапынан көтерілген 11 мәселенің 3-і нақты шешімін тапса, қалғпн 8-і орындалу үстінде.
Нақтырақ айтар болсақ, Ақниет ауылындағы ескірген 6 дана электр бағаналары «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан ауыстырылса, осы ауылдағы жалпы ұзындығы 1,7 шақырымды құрайтын Ақши көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Әден ата елді мекенінен Асықата кентіндегі «Қайнар» мектеп-гимназиясына қатынайтын оқушыларға облыстық маңызы бар КХ-25 автомобиль жолының Әден ата, Өркенді елді мекендерінің тұсына жаяу жүргіншілер өткелін таңбалау жұмыстары жүргізіліп, жол белгілері орнатылған.
Сонымен қатар, ауыз судың жағдайы, медициналық пункт салу, көшелерді орта жөндеуден өткізу, Көрікті ауылындағы иесіз трансформаторды ауыз су мекемесінің меншігіне өткізу, Үшкөпір ауылынан жаңа мектеп салу, Әден ата ауылындағы ағын су арықтарына шлюздер орнату мәселелері бойынша да арнайы жұмыстар жүргізілуде.
Одан бөлек, жердің мелиоративтік жағдайын жақсарту мақсатында 37 тік дренжадарды қалпына келтіру үшін құрылыс жұмыстары басталып, Ақниет ауылында «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 600 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде.
Ішкі жолдардың сапасын жақсарту мақсатында жергілікті бюджеттен 2,8 млн теңге бөлініп Әден ата елді мекенінің Болашақ көшесі орта жөндеуден өткен. Үшкөпір елді мекенінің Жаңа құрылыс, Қараойлы, Ақкөл, Өркенді елді мекенінің Әмірханов, Аймаутов, Нұр елді мекенінің Бөкейханов және Алтынсарин көшелеріне жарықшамдар орнату үшін жергілікті бюджеттен 6,3 млн теңге, Көрікті елді мекенінің Егіндік, Құлшеке көшелеріне электр бағаналарын орнату үшін жергілікті бюджеттен 3,3 млн теңге бөлінген.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған және алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстардың жоспарлары жайлы баяндамадан соң көпшіліктің сұрақтарына жауап берілді. Округтің өзекті, түйіні тарқатылуы тиіс салаларын саралап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Кездесуден соң жеке мәселелерін айтамын деушілерге арнайы қабылдау өткіздім. Қабылдауда көтерілген мәселелер бойынша тиісті бөлімдер мен мекеме басшыларына тапсырмалар берілді.
Жетісай аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.