«ЖОЛДАУ — 30 ЖЫЛ ӨТКЕНІМІЗДІ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ»

Түркістан облысы Отырар аудандық орталық кітапханада ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтын «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауына арналған дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге мәдениет бөлімінің басшысы С.Құттыбай, орталық кітапхана мен тілдерді дамыту және оқыту орталығының қызметкерлері қатысып, Жолдау аясында белгіленген барлық тапсырмаларды іске асыру бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Кітапханашы Ж.Серікқызы баяндама жасап, жолдаудағы негізгі тапсырмаларды атап өтті. Мәдениет бөлімінің басшысы С.Құттыбай « Мемлекет басшысының ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы тұсында жасаған бұл Жолдауы басымдықтарды айқындап, әрі қарай даму бағытын белгілеп қана қоймай, сонымен бірге осы жылдар аралығында жүріп өткен жолымызды да қорытындылады» — деп өз пікірін білдірді. Бұдан кейін сөз алған кітапхана директоры А.Рыскелді жаңа Жолдаудың маңыздылығы туралы айтып, руханият саласында қызмет жасайтын мәдениет қызметкерлері мен кітапханашыларға Президенттің назар аударғаны шын қуантты деп аттап өтті.