ЖҰМЫСЫНАН АЙЫРЫЛУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖӘРДЕМАҚЫНЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

Жұмысынан айырылған азаматтарға мемлекет жәрдемақы төлеп, қолдау жасайды. Бұл жәрдемақыны қалай рәсімдеудің 3 жолы бар:
• eGov.kz портал арқылы қызметтің атауы — «жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау»;
• ХҚО арқылы;
• халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы.
Қажетті құжаттар:
— жеке куәлік;
— жұмыспен қамту орталығынан жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
— төлемдер аударылатын банк шотының нөмірі туралы құжат.
Жыл басынан бері Шымкенттік ХҚО арқылы 2091 жәрдемақы тағайындалды.
Анықтама: Қалалық ХҚО-ры алдын ала брондау бойынша жұмыс істейді.
Жұмыс кестесі: ДС-ЖМ, 9.00-18.00-ге дейін.