ЖҮРЕК АУРУЛАРЫНЫҢ ҚАУПІН ТӨМЕНДЕТУ

ТЕМЕКІ ТАРТУ. Темекті тарту жүрек-қантамыр жүйесіне ең жағымсыз әсерін тигізеді. Ол ер адамдар мен әйелдерде коронарлы артерия ауруларының қаупін екі есе арттырады. Бұл қауіп жаңа тартылған әрбір темекімен бірге жыл сайын ұлғайып отырады.

Темекі тартудан бас тартқаннан кейін екі жылдан соң инфаркттен өлу қаупі екі есе төмендейді, 10 жыл өткен соң темекі тартпайтындарға тән деңгейге оралады. Отыз бес жастағы жігіт темекі тартуды тастап, өміріне орта есеппен өзінің 3 жас қосады.

Дәрігерлердің жәрдемімен темекі тартудан бас тартудың әртүрлі әдістері 20-40% жағдайларда табысты болғанына дәлелдер бар. Олардың барлығы да үлкен қаржылық шығынды қажет етпейді.

Егер біз келешекте темекі тартудан туындаған аурулар санын төмендеткіміз келсе, біз жас адамдарға темекі тартудың жеке басқа да, қоғамға да түзетуге келмейтін зияны бар екендігін түсінуіне жәрдемдесуге тиіспіз.

 

ХОЛЕСТЕРИН. Қанда холестериннің мөлшері жоғары болуы – бұл соңғы жылдары әлем тұрғындарына тән құбылыс. Дәл сол коронарлы артериялар ауруларының қазіргі індетіне себеп болып отыр. Қауіп аймағында холестерин деңгейі «орташадан жоғары» адамдарда ғана деп санауға болмайды. Тіпті қазіргі адамдардағы холестериннің орташа деңгейі оның организмге қажеттілігінен артық болып отыр.

Холестериннің шамадан артық болуының нәтижесінде артерияларға тигізетін зияны біртіндеп жиналуда және адам денсаулығы үшін оны келесі тәсілдермен төмендету өте маңызды:

  • Алғашқы алдын алу – май өнімдерін тұтынуды жай төмендету жүрек-қантамыр ауруларынан өлім қаупін 15 % -ға азайтады.
  • Екінші қайтара алдын алу – холестериннің шамадан артық болуына әкелетін зат алмасу бұзылулары (мысалы, тұқым қуалайтын гиперлипидемия) бар адамдарға немесе жүрек-қантамыр аурулары бар адамдарға меделуге кеңес беріледі.

 

ДЕНЕ БЕЛСЕНДІЛІГІ. Егер адам дене жаттығуларымен үнемі шұғылданса, онда КАА қаупі жартысына дерлік төмендейді. Мұндайда қанда НDL деңгейі жоғарылап, холестерин мен триглицерид мөлшері төмендейді, инсулинге сезімталдық күшейеді және қысым төмендейді.

АРТЫҚ САЛМАҚ.  Дамыған елдерде семіз адамдар (балалар мен ересектер) саны ұдайы өсуде. Артық салмақ жүрек-қантамырлар аурулары қаупін 300%-ға арттырады.

 

ГАЕ. Жүрек ауруларының даму қаупі жастау әйелдерде сол жастағы еркектерге қарағанда едәуір төмен екендігі дәрігерлерге белгілі, алайда менопаузадан кейін олардың арақатынасы теңеседі. Қазір ғалымдар әйел организмінің КАА-ға қарсы тұру қабілетін нығайтатын тәсілдерді табуға әрекеттенуде. Мұнда гормонды алмастыратын емге (ГАЕ) үлкен сенім артылып отыр.

АЛКОГОЛЬ. Алкогольді шамадан тыс тұтыну КАА қаупін арттырады, бірақ күніне бір-екі бокал ішетіндер мүлдем ішпейтіндерге қарағанда, бұл ауруға аз шалдығады. Алкогольдің оң әсерін оның артериялық қысымға, және қантамырларда атеросклероздық түйіндақтарға әсер етуімен байланыстырылады.

ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ. Тамақтану рационында жаңа көкөністер мен жемістердің үлесін көбейту КАА қаупін төмендетеді. Адам организміне Е витаминінің, балық майының және фолий қышқылының әсер ету механизмін зерттеу жалғасуда.

ДИАБЕТ. Диабет, әсіресе екінші типтісі, КАА-ның барлық белгілі қауіпті факторларымен байланысты. Диабет анықталған барлық емделушілердің жартысында артериялық қысым жоғары, ал олардың әрбір үшіншісінде холестерин мөлшері қалыптан жоғары болады. Көпшілігінде артық салмақ тіркелді, олар – тамақты көп ішкендер және аз қолғалғандар. Олардың қанында қант мөлшері жоғары болды.

АСПИРИН. Бастапқыда дәрігерлер қабынуға қарсы, ауруды басатын дәрі ретінде аспиринді пайдаланды, бірақ әрі қарайғы зерттеулер аспириннің жүрек-қантамыр ауруларының алдын алудағы маңызды рөл атқаратынын анықтады. Ол қанның тромб түзетін түйіршік жасушаларына, яғни тромбоциттерге жақсы әсерін тигізеді.

Аспирин инфарктіден өлім қаупін 25 %-ға төмендетіп, қантамырлары әлсіз көптеген адамдарды жүрек ауруларынан және инсульттен қорғайды. Шындығында, мұндайда қан кетудің дамуы қаупі ұлғаяды.

Соңғы зерттеулер аспириннің жүрек-қантамыр ауруларынан зардап шегіп жүргендер үшін ғана емес, ол сондай-ақ қауіп аймағындағыларға қолдануға да пайдалы екендігін көрсетті. Дәрігерлер елу жастан асқан барлық адамдарға аспиринді жүрек ауруларының алдын алу үшін ұсынады.