ЖҮРЕК ҰСТАМАСЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ МЕН СЕБЕПТЕРІ
Жүрек ұстамасы (инфаркт) тәждік артериялардың біреуінің бітелуінен жүрек бұлшықетінің қандай да бір бөлігіне қанның келуі тоқтағанда туындайды. Нәтижесінде жүрек аймағы жансызданады. Инфарктің алғашқы белгісі кеуденің қатты ауруы және тыныстың тарылуы болып табылады. Ауру пайда болысымен адам мазасызданады, көбіне сөйлеуге шамасы келмейді. Терісі бозарып, дымқылданып, салқындайды, тамырдың соғуы жиілейді, әлсізденеді және біркелкі болмайды.
Инфарктің туындауын арттыратын бірқатар белгілі қауіп факторлары бар, олар:
- Тұқымқуалаушылық, яғни отбасында жүректің ишемиялық ауруы жағдайлары болған;
- Темекі тарту, тіпті бұл әдет бұрын болса да;
- Артериялық қысымның жоғарылауы;
- Қант диабеті;
- Гиперлипидемия – қанда май концентрацияларының жоғары болуы.
Инфарктің классикалық симптомы кеуденің ауруы, ол өткір, қылыш кіргендей шыдатпайтындай сипатқа ие. Ол мойынға беріліп, жаққа дейін немесе сол жақ, кейде екі жақ қолға ұласуы мүмкін. Бұл сезім стенокардияға ұқсас, бірақ демалу немесе терең тыныс алу арқылы мұны қайтару мүмкін емес.
Ауру ұстамасы көбіне тыныстың тарылуымен, жүректің айнуымен, қатты терлеумен қатар жүреді. Ұстама кезінде науқастың күшті күйзеліс жағдайында болуы таңданарлық жайт емес.
Ең әуелі, бұл жағдайдың өлімге әкеп соқтыруы мүмкін екендігін ескерген жөн.
Инфаркт алған емделушілердің шамамен үштен бірі алғашқы сағат ішінде, ал жартысына жуығы жіті және созылмалы асқынулар салдарынан болатын ұстамадан кейін алғашқы айда өлімге ұшырайды. Тіпті дер кезінде медициналық жәрдем алған емделушеілердің ішінде де үштен бірі өлімге ұшырауы мүмкін.
НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫН БАҚЫЛАУ
Инфаркті бастан өткергеннен кейін емделушінің жағдайына ұдайы бақылау жүргізіледі, өйткені сауығу үдерісі ұзақ уақыт алады. Осыдан кейін науқастың жағдайы тұрақталады, мамандар аурудың қайталануына жол бермеу үшін инфарктке әкеп соққан барлық факторларды мұқият зерттейді.
Адам инфаркті бастан кешкеннен кейін ең әуелі аурудан жеңілдеп, күйзелістен арылуы керек. Науқастардың көктамыры ішіне ауруды басатын дәрілерді, мысалы, диаморфин (героин) енгізеді. Оларға төсектік режим тағайындалады, олар мониторға қосылған, мұнда жүректің электрлік белсенділігі үздіксіз тіркеліп отырады. Бет маскасы арқылы оттегі беріледі. Емдеудің алғашқы минуттарында негізгі сәт жүрек бұлшықеттерінің жансыздануын барынша азайту немесе жою үшін тәждік артериялардың бітелуіне жол бермеу болып табылады. Бұл тромбоздық, фибринолитикалық дәрілік заттардың және антикоагулянттардың жәрдемімен жасалады. Тромбоздық дәрілердің ішінде көбіне стрептокиназаны, плазминогеннің ацилирленген кешенін, тіндік белсендірленгішті және урокиназаны қолданады. Осы заттарды антикоагулянттармен (қанды сұйылтатын дәрілермен) – олардың ішінде көбірек белгілісі аспиринмен біріктіру – жедел миокара инфаркітінен болатын өлім жағдайын 40 пайызға дейін төмендететіні белгілі.
ИНФАРКТТЕН КЕЙІНГІ АСҚЫНУЛАР
Инфарктті алғаннан кейін орын алатын көптеген ықтимал асқынулар бар. Солардың ішінде кең таралғандарының бірі – жүрек ырғағының бұзылуы. Әсіресе жүрек ырғағының жиі жаңылуы басқа асқынулармен бірге жүреді.
Инфаркттің жағымсыз зардаптарына тағы бір мысал – жүректің өз құрылысының, мысалы, жүрек қақпақшаларының немесе жүректі камераларға бөліп тұратын қабырғалардың зақымдануы. Осы жағдайдың екеуі де хирургиялық араласуды қажет етеді.
Инфаркттің зардабы митральды қақпақшаның зақымдануынан пайда болады. Ол толық жабылуға қабілетсіз, бұл қанның жүрекшеге кері ағуына әкеледі, сондықтан оны протезбен, яғни жасанды құралмен алмастыру қажет.
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ӨЗІҢІЗДЕН
- Аяқ астынан тыныс алуыңыз нашарлап, кез келген жерде жүрегіңіз шаншыса, байбалам салмай, жылдам әрі қатты жөтеле бастаңыз. Әр жөтеліңіздің алдында терең демалыңыз. Ұзақ, қақырынып жөтелу керек. Демді ішке тарту мен жөтел дамылсыз әр 2 секунд сайын қайталанып тұрса, жүрегіңіздің қайтадан орнына келгенін сезесіз. Терең тыныс алу өкпеге оттегі бөліп, жөтел жүрегіңізді жеңілдетіп, қанайналымыңызды жақсартады. Осындай жолмен сіз ауруханаға дейін жетіп ала аласыз.
- Миокард инфарктісінің алдын алу үшін қажетті жағдайлар денсаулықты және белсенді өмір салтын сақтау болып табылады, ішімдік пен темекі шегуден аулақ болу, теңдестірілген тамақтану, физикалық және жүйке тозуын болдырмау, қан қысымын және қан холестеринін бақылау.