ЖЫЛЫНА 800-ДЕН АСА ШАЛА ТУҒАН СӘБИЛЕРГЕ КҮТІМ ЖАСАЙТЫН БІЛІКТІ ДӘРІГЕР

Малик Акпар – жылына 800-ден аса ауыр халдегі балаларды емдейтін дәрігер. Дәрігер неонатолог мерзімінен бұрын туған ауыр жағдайдағы сәбилерге медициналық көмек көрсетеді.

Шымкент қаласында перинаталдық орталықтағы балалар реанимация бөлімшесі – дене салмағы өте төмен және жаңа туған нәрестелерді, сондай-ақ даму кемістігі бар балаларды күтетін қаладағы жалғыз бөлімше. Білікті маман осы орталықтағы балалар реанимациясының бөлім меңгерушісі болып жұмыс істейді.

Малик Камалұлының әкесі қалада танымал торакалды хирург болып қызмет еткен. Облыстық клиникалық ауруханасында бөлімше меңгерушісі қызметін атқарды. Малик Акпардың медицина саласына келуіне де әкесі себепші болды.

Малик Камалұлы өз ісінде мейрімді, сауатты дәрігер неонатологы. Тәжірибелі дәрігер Мәскеуде, Нұр-Сұлтан қаласында үнемі біліктілігін арттырып, литвалық мамандармен тәжірбие алмасып отырады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі