ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жыл сайын жылыту маусымы басталғаннан бастап тұрғын үйлерде тұрмыстық өрттердің алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Аудан аумағында халық саны көп шоғырланған Ескі Иқан ауылдық округінің тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Аудан әкімдігі тарапынан ұйымдастырылған жиынға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Мұхтар Қуанышбаев пен «КазТрансГаз Аймак» ΑΚΤΟΦ Сауран газ шаруашылығы басшысы Асқар Алтаев қатысты.
Жиында төтенше жағдайдың себептері көбінесе жылыту жүйелері мен қондырғыларын пайдалану, пешпен жылыту, электр желісін шамадан тыс жүктеу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзу, сондай-ақ қарапайым немқұрайлылықтан басталатынын атап өтті. «Сауран газ қызмет» КММ маманы тарапынан өрттің алдын алу, жалпы қарапайым талаптарды орындау туралы алдын-ала ақпараттандыру және түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мамандары мен төтенше жағдай қызметкерлері және «Сауран ауданы газ қызметі» мекемесінің мамандары бірлесіп тұрғын үйлерді аралады. Тұрғындарға жадынамалар мен парақшалар таратып, жылу шығаратын құрылғыларды, пештерді, тұрмыстық газ және электр жабдықтарын пайдаланудың өрт қауіпсіздігі қағидаларын түсіндіру бойынша үгіт-насихат жүргізді.
Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында Сауран ауданының төтенше жағдайлар қызметкерлері азаматтардан жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын қатаң сақтауды және өз қауіпсіздігіне бей-жай қарамауға шақырды.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі