ҰЛЫ ДАЛА ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларын насихаттау мақсатында Түркістан облыстық тарихи өлкетану музей келушілерімен кездесу өтті.

Ата-бабаларымыздан қалған, көненің көзіндей болған ұлттық құндылықтарымызды, материалдық мәдениетімізді айғақтайтын құнды жәдігерлерді дәріптеуде музейде атқарылып жатқан шаралар жайында Экскурсиялық бұқаралық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Гаухар Касымова, «ONTUSTIK» телеарнасының түсірілім тобына сұхбат берді.

Елбасы «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында атап өткендей қазақ халқы материалдық және рухани мәдениетке өте бай. Қазіргі таңда дамыған елдерді жаңа технологиямен емес тарихи, мәдени, рухани байлығымызбен, өзімізге ғана тән ұлттық кодымызбен киелі, діни наным сенім зиярат ететін орындарымызбен ғана таң қалдыра аламыз. Тарихымызға үңілсек, кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екендігін айғақтайды.

Музейдегі сақталған әрбір тарихи, археологиялық және этногрияфиялық жәдігер Елбасы атап өткен «Ұлы даланың жеті қырын» ашып тұрғандай. Тек соны біртұтас халық болып жаңғырта білсек, әлемдік өркениетте өзіндік орынымызды алып, дамыған елдердің алдыңғы қатарында тұрарымыз хақ! Музейде өткен іс-шара Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналды.