2005 ЖЫЛҒЫ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ

Мемлекеттік институттарды және саяси тұрақтылықты нығайту бағытындағы аса маңызды кезеңнің бірі – 2005 жылғы Президент сайлауы болды.

2005 жылдың 9 қыркүйегінде «Отан» республикалық партиясының VIIІ съезінде мен Президент лауазымына үміткер ретінде Н.Назарбаев та ұсынылды. Съезд шешімімен президенттікке үміткерді қолдау бойынша «Халықтық коалиция» құрылды. Бұл науқанның айрықша ерекшелігі – саяси партиялардың сайлаудың дайындық кезеңіне де, оның өткізілуіне де белсенді түрде қатысуы болды. Орталық сайлау комиссиясының тіркеуінен ресми түрде төрт үміткер өтті. 2005 жылдың 4 желтоқсанында өткен Президент сайлауы – ХХІ ғасыр басындағы Қазақстанның ішкі саяси өмірінің аса маңызды оқиғасы болды. Бұл үшінші (Конституция қабылданғаннан кейінгі екінші) бүкілхалықтық сайлау еді. Сайлау тізімдеріне тіркелген 8,8 миллион сайлаушының шамамен 6,8 миллионы дауыс беруге қатысты. Олардың ішінде іс басындағы Президентке дауыс бергендердің саны 6,1 миллион адам (91,2 процент).

2006 жылдың 11 қаңтарында Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Президенті лауазымындағы қызметіне ресми кірісуінің салтанатты рәсімі болып өтті. Сол сәтте Елбасы өзінің өкілеттігінің жаңа кезеңінде, болашақта тап болуымыз мүмкін барлық қиындықтарға қарамастан, Қазақстан Республикасының біртұтастығын, тұрақтылығын және әрі қарайғы қарышты дамуын қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасау ниетіне беки түсті.