2006-2007 ЖЫЛҒЫ ЖОЛДАУЛАР. ҮЗДІК 50 ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА ЖОЛ АШЫҚ

Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену мақсаты ең алғаш 2006 жылғы 11 қаңтар күні Ақордадағы жаңа резиденцияда өткен Президент инаугурациясында жалпақ жұртқа жария етілген болатын.«Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдау 2006 жылы реформаларға тың серпін берді. Онда Елбасы негізгі күшті халықаралық маңыздағы «серпінді» жобаларды жүзеге асыру, бәсекеге қабілетті өндірісті дамыту, аймақтық және халықаралық экономикалық бірлестіктер жұмысына белсене қатысу арқылы халықаралық экономикаға кірігу, көлік инфрақұрылымын дамыту секілді маңызды бағыттарға жұмылдыруды ұсынған болатын.Осы стратегия шеңберінде мемлекет бизнеске мықтап қолдау көрсете бастаған маңызды секторлар анықталды. Олардың ішінде құрылыс, шағын бизнесті несиелеу, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі сияқты салалар бар. Бұл мақсаттарға мемлекеттік бюджеттен шамамен 550 миллиардтай теңге бөлінді. Сонымен бірге, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті бола алатын серпінді жобаларға айрықша маңыз беру міндеттелді.

ру тренді іске қосылды. Озық елу елдің қатарына ену жобасына жаңа әрі нақты сипат бере түскен «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» (2007 жылдың 28 ақпаны) атты Жолдау болды. Мұнда Елбасы экономикалық өсімді басқара білу, жаһандық экономикаға толыққанды қатысу, өндіруші сектордың тиімділігін арттыру, шикізаттық емес салаларды дамыту, «парасатты экономиканы» қалыптастыру, әкімшілік реформа, әлемдік қоғамдастықта Қазақстанды ілгері бастыру секілді басым міндеттерді алға қойды. Мұның бәрі сол кездің өзінде көп мәселеде көршілердің алдына шығып үлгерген Қазақстанды экономикалық дамудың аймақтық локомотивіне айналдыруға ғана емес, әлемдік экономиканың табысты ойыншысы етуге де мүмкіндік беретін. Бұған қоса, қазақстандықтар өз тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған кешенді шаралардан да хабардар болды. Соның ішінде 2008 жылдың қаңтарынан бастап сәби дүниеге келгенде және ол бір жасқа толғанша күтіміне берілетін жәрдемақының, сондай-ақ негізгі зейнетақының жыл сайынғы индекстеу бойынша өскені жұртшылық үшін өте жағымды жаңалық еді.